Мақтаарал ауданы сыни материалдарға зерделеу жүргізіп, дер кезінде жауап беруде

Dalanews 07 қар. 2018 10:54 146

Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты ақпараттандыру, мемлекеттік құпияларды қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің бас инспекторы – аудан әкімінің баспасөз хатшысы Д.Аязбеков БАҚ пен әлеуіметтік желілерде жарияланған сыни материалдар туралы баяндады.

Аудан әкімдігі және оның құрылымдық бөлімдері туралы БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жарияланған сыни материалдарға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, дер кезінде ақпараттық анықтама берілуде. Мониторинг жүргізу барысында шілде айынан бері 24 сыни материал анықталып, олар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілген. Сыни материалдардың басым бөлігі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне, аудандық білім бөліміне және аудандық ветеринария бөліміне қатысты.

«Жаңадан құрылған Мақтаарал ауданы әкімдігінің WhatsApp (87075896785) қызметі іске қосылып, сервиске түскен арыз-шағымдар мен өтініштерге де шұғыл жауаптар берілуде. Қазіргі таңға дейін тұрғындар тарапынан 12 түрлі мәселелер қозғалып, оның 11-не жауап берілген» - деді Д.Аязбеков.


Айта кетейік, Мақтаарал ауданы бойынша «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындау үшін аудан әкімімен жұмыс жоспары бекітіліп, бірнеше жобалар іске аспақшы. «Smart Maktaaral» деп аталатын жоба бойынша аудандағы базарлар мен сауда нүктелерінің, қызмет көрсету орындарының жұмысын автоматтандыру, білім беру ұйымдарында IT сыныптарын ашу, аудан бойынша тегін Wi-fi желілерін құру, коммуналдық төлемдерді терминалдар және смартфон арқылы онлайн төлеу, электронды ақша айналымына жағдай туғызу, ауданның маңызды жолдарында ақылды жарықтандыру жүйелерін орнату, бейнебақылау жүйелерін дамыту, ақылды суару жүйелерін енгізу сияқты т.б. жұмыстар атқарылатын болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x