Қазығұрт диқандарының өнімдері Германияға дейін экспортталады

Dalanews 18 желт. 2018 04:58 268

Қазығұрт ауданы аграрлық сала жақсы дамыған аудан екенін ескерсек, бұл бағытта аймақтың қол жеткізген табыстары өте көп екенін байқауға болады.



Бұның айқын нәтижесі ретінде Түркістан облысында күні кеше ғана өткен «AGROFEST-2018» ауыл шаруашылығы фестивалінде аудан диқандарының қажырлы еңбегінің арқасында «Астық өсіруші озат аудан», «Агроөнеркәсіп кешенінің даму бағдарламасы көрсеткіштерін озат орындаған» номинациясы бойынша жүлделі 2-ші орынға ие болғаны біздің сөзімізге айқын мысал болады.

Сондай-ақ «Озат жүзім өсіруші» номинациясы бойынша «Амангелді» ЖШС, «Озат мал бордақылаушы» номинациясы бойынша «Қайып ата» ЖШС марапатталғаны да есімізде.

Өңірде көкөніс, бақша дақылдары еліміздің барлық облыстарына жөнелтіліп қана қоймай, сонымен қатар Ресей, Беларусь, Латвия, Германия мемлекеттеріне дейін экспортталып жатыр.

Бұл жетістіктерді одан әрі дамыту үшін ауданда егіс көлемін ұлғайту, иесіз жерлерді игеру, заманауи технологиямен тамшылатып суғару әдісін кеңінен енгізу, жылыжай және қарқынды бау егу, мал басын асылдандыру бойынша жұмыстар қарқынды жүріп жатыр.

Соңғы 10 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 29 842,5 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 105,6 пайызды құрады. Өңірде  егіс көлемі 83 983,1 гектарды құрады. 13500 гектар суармалы жер толығымен игерілді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x