Түлкібаста жол жөндеуге 149 млн. теңге жұмсалды

Dalanews 27 қар. 2018 14:16 321

Биыл Түлкібас ауданындағы бірқатар ауылдардың жолдары жөнделіп, халықтың барыс-келісі айтарлықтай жеңілдеп қайтты. Бұл ретте ауданға қарасты Келтемашат, Азаттық, Көктерек, Түлкібас, Т.Рысқұлов елді мекендерінің көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына 149,8  млн. теңге бөлініп, оның 145,5 млн. теңгесі игерілгенін таяуда Түркістан қаласында журналистермен жүздескен аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков мәлімдеді.

Ауданда «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша абаттандыру жұмыстарына 105,6 млн.теңге бөлініп, 105,2 млн. теңгесі игеріліпті.

Осы ретте Түлкібас ауданында Кеңес заманында тартылған электір желілерін жаңалау ісі де қарқын алғанын атап айтуға болады. Биыл аудандағы Т.Рысқұлов, Жаскешу, Шұқырбұлақ, Жаримбетов, Күмісбастау, Алғабас, Тастұмсық, Қабанбай, Ақбиік, Жабағылы, Қайыршақты, Көктерек, Азаттық ауылдарының ішкі көшелеріне электр желісін тарту және трансформатор орнату құрылыстарына үстіміздегі жылға облыстық бюджеттен  330,7 млн. теңге қарастырылып, жұмыстар жүргізілген.

Сонымен қатар Т.Рысқұлов, Азаттық ауылдарының ішкі көшелерін электр қуатымен қамтамасыз етуге аудандық бюджеттен жобалық сметалық құжаттарды (ЖСҚ) дайындауға 5,6 млн. теңге қаржы қарастырылып, сараптама қортындысы 2019 жылға облыстық бюджеттен қаржы қарастырға ұсынылғанын айта кетуіміз керек.

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x