Ауыл шаруашылығы алға басқан – Түлкібас

Dalanews 26 қар. 2018 09:23 227

Түлкібас ауданында ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 2018 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 29 892,2 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 102,8 пайызды құраған. Облыста бұл көрсеткіш 103,4%-ға тең.



Ауданда ірі қара мал басы былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110,4%-ды (43,5 мың бас), қой 95,7%-ды (99,2 мың бас), ешкі 82,3%-ды (4,8 мың бас), жылқы 114,8%-ды (22,4 мың бас), түйе 39,3%-ды (11 бас), шошқа 60,2%-ды (0,7 мың бас), құс 100,3%-ды (141,0 мың бас), пайызды құрады.

Ет өндіру – 100,7% (13 864,7 теңге), сүт – 102,8% (43 738,3 теңге), жұмыртқа-100,1%-ға  (14,5 млн. дана) жеткен.

2018 жылдың 10 айының қорытындысымен 165 гектарға бау егу жоспарланған, қазіргі таңға 258 гектерды (156,4%) жетті. Сонымен қатар жаңғақ егу 250 гектарға жоспарланып, қазіргі таңға 257,5 гектарды (103,0%) құраса, таңқурай шаруашылығына 75 гектарға жоспарланып, 80,9 гектарға (107,9%) ұлғайған, жүзім бау шаруашылығына 10 гектарға жоспарланып, жоспар 100%-ға орындалды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x