Back

Облыс әкімінің бақылауында: Түркістан өңірінде азық-түлік құны көтерілмейді

Өйткені биыл Түркістан облысында тұрақтандыру қорына 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Оған арзандатылған бағамен 19 түрлі азық-түлік өнімдері сатып алынған. Мамандардың айтуынша, биыл облыста азық-түлік бағасы қымбаттамайды. Өйткені, қажетті тауардың барлығы жеткілікті дейді.

Күні кеше Түркістан облысының Сарыағаш ауданында күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Саудаға қой еті, сүт өнімдері, тары-жарма, құс, балық, көкөністер мен т.б. өнімдер шығарылып, арзандатылған бағамен сатылды.

Шара аясында жыл қорытындысы бойынша үздік көрсеткіштерге жеткен әр түрлі шаруашылықтар мен мен еңбекқор диқандар марапатталды.

Танабай Шынтасов, шаруашылық басшысы: «Бізде 50-ге жуық адам жұмыс істейді. Жылына 1 млн жуық көшет өндіреміз. Біздің мақсатымыз оның санын көбейту емес, сапасын да жақсарту.Жүз гектарға жуық көшен аумағы бар. Оның ішінде аналық баулар, жүзім баулар бар».

Айта кетелік, Түркістан өңірінде биылғы жылы тұрақтандыру қорына 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Оған барлығы 19 түрлі азық-түлік өнімдері сатып алынған. Мәселен, 4,5 мың тонна картоп, 1200 тонна пияз, 1 мың тонна сәбіз қоры бар. Мамандардың айтуынша, өңір халқына қажетті азық-түліктің барлығы жеткілікті. Сондықтан биыл облыста азық-түлік бағасы қымбаттамайды.