Мақтаарал ауданы мақтадан өнім алу ісіне баса көңіл бөлуде

Dalanews 20 қар. 2018 04:49 218

Бүгінде Түркістан облыс бойынша мақта шикізатының 70 пайыздан астамы Мақтаарал және Жетісай аудандарына тиесілі болғанымен, өңірде шикізатты дайын өнімге айналдыратын кәсіпорындар саны аз.  

Сондықтан Мақтаарал ауданындағы «Айбек» шаруа қожалығы медициналық мақта өнімдерін шығаруды қолға алып отыр. Жоба құны – 85 миллион теңге. Кәсіпорын қуаты 28 адамды жұмыспен қамтуға, жылына 2 миллион дана медициналық мақта өнімдерін өндіруге есептелген.

Сонымен қатар, «Asіa Metal Grоup LTD» ЖШС-нің темір өндіру цехына 400 миллион теңге инвестиция тартылып отыр. Жоба жүзеге асқанда 60 адам жұмыспен қамтылады.

Бұдан бөлек, аудандағы шаруалардың өндірген өнімдерін сақтап, жыл бойы сатулары үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Азаттық ауылынан заманауи үлгідегі сауда-логистикалық орталығы салынбақ. Оның құрылысына 9 гектар жер учаскесі резервке алынды. Орталықта заманауи үлгідегі жеміс-жидек сақтау қоймалары, сұрыптау қоймалары, мұздатқыш камералары, жүк көліктеріне арналған тұрақжай мен техникалық қызмет көрсету стансасын салуға 1 миллиард теңгеге жуық инвестиция тарту көзделуде.

Жалпы құны 750 миллион теңгені құрайтын 2 инвестициялық жобаға 5 гектар жер беріліп отыр. Соның бірі «Бахтияров» жеке кәсіпкерлігінің жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттары ресімделіп, құрылыс жұмыстары басталды. Атап айтқанда, автопаркинг, электронды таразы, жүк сақтау қоймалары, тұрақжай, құжаттандыру орталығы, қонақүй, асхана, сауда үйі, автожуу орны салынып жатыр. Сондай-ақ, «МегаГорСтрой» ЖШС-нің автотұрақжай құрылысының бірінші кезеңі аяқталып, екінші кезеңі басталды. Компания көкөніс қоймасын, қорапша шығаратын цех, қонақүй нысандары

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x