Сарыағаштағы сегіз елді-мекен сапалы ауызсумен қамтамасыз етіледі

Dalanews 30 қар. 2018 12:18 157

Бұлай деп Сарыағаш ауданы әкімінің орынбарасы Марат Сейтімбетов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, 2018 жылы жалпы алғанда 10 елді — мекенді ауыз сумен қамтамасыз етуге қаржы бөлінген екен. Биылғы жылы екі елді мекен тапсырылған.

"Ал қалған елді мекендерді 2019 жылдың аяғына дейін толықтай таза ауыз сумен қамтамасыз етуді жоспарланып отырмыз. Бұл арада бір мәселе жер асты суын барлауға тіреліп тұр. Сонау Кеңес өкіметінің тұсында да жер асты су қорын анықтау, барлау жұмыстары жүргізілмеген еді. Осы олқылықтың орнын толтырып 2015-16 жылдары 24 елді — мекенде жер асты су қорларын барлау жұмыстарын жүргіздік. Соған сәйкес ауылдарға ұңғыма қазу, орталықтандырылған ауыз су жүргізу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – дейді Марат Сейтімбетов.

Айта кетелік күні кеше  Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылына қарасты елді мекендегі ағайын үйлеріне су кіргізіп мәз-мәйрәм болды. Тұрғындар енді су таситын көліктің жолын тоспайды. Аулаларына орнатылған құбыр арқылы таза су ішіп, тіршілік нәрін тасу машақатынан құтылды. Өңірлерді дамыту бағдарламасының шапағатын көрген көпшілік, ел қатарына қосылып жатқандарына қуанышты.

Жалпы биыл ауданға қарасты 420 үй магистралды су құбырына қосылып, тіршілік нәріне қол жеткізген. Айта өтейік, Сарыағаш ауданында 14 ауылдық округ, 70 елді мекен бар. Оның 44 пайызы сапалы су ішеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x