Жетісайда 600 орындық жаңа мектеп ашылды

Dalanews 17 қар. 2018 14:30 228

Жетісайға жұмыс сапарында аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев Жаңаауыл ауылдық округі Ынтымақ елдімекеніндегі Тұрар Рысқұлов атындағы 600 орындық жаңа мектептің ашылу салтанатына қатысты.

Бұған дейін үш ауысымда білім беріп келген орта мектеп ұжымын бүгінгі қуанышымен құттықтаған облыс әкімі жаңа, заманауи талапқа жауап беретін еңселі де, керемет мектептің сыныптарын аралап көрді. Ондағы шәкірттермен тілдесіп, олардың сабақтарын үздік оқып, еліміздің үлгілі азаматтары болуға шақырды.



Бұдан соң, әкім Жетісай қаласындағы «AIIG Kazakhstan» ЖШС-нің мақта зауытында болды. Аталған зауытта 660 адам жұмыс істейді. Қуаттылығы жылына 40 мың тонна. 2013 жылы құрылған зауытта мақта талшығы, техникалық тұқым, линт, улюк дайындалады. Жалпы аумағы 5,6 гектарды құрайды. Мұнда өндірілген өнімдер негізінен еліміздің барлық аймағына таратылады.

О
блыс әкімі зауыт жұмысшыларымен кездесіп, аудандағы «Озат терімші, «Ең үздік комбайншы», «Ең үздік терімші», «Ең үздік мақта зауыты» номинацияларының иегерлерін марапаттап, сый-сияпат табыстады.


Жалпы Жетісай ауданында мақта теру науқанының аяқталуына санаулы күндер қалды. Қазіргі таңда аудан бойынша 48226,8 гектар мақта алқабынан 126 мың 192 тонна шитті мақта жиналды. Ақ алтынның түсімділігі әр гектарынан 26,2 центнерді құрады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x