Жетісай халқы атаулы әлеуметтік көмектің пайдасын көруде

Dalanews 17 қар. 2018 11:12 225

Жетісай ауданының тұрғындары атаулы әлеуметтік көмектің арқасында тірліктерін дөңгелете бастады. Мәселен, Жетісай қаласының тұрғыны Махбуба Сарсенова 127 мың теңгеге тігін машинкасын сатып алып, бір отбасының айлық табысын шығарып отыр.

Ал Жаңаауыл ауыл округі Мырзашөл ауылының тұрғыны Батулла Қиықбай болса, 6 ай мерзімге 498528 мың теңге алып, мақсатты жұмсапты. Бүгінде бұл үйдің қорасында сауынды 2 сиыр бар.

Дәл осындай қаражатты Ынтымақ елдімекенінің тұрғындары яғни Дүйсенбековтер әулеті де тиімді пайдалануда екен. Отбасыдағы 6 адамға шаққанда 6 айға 353 мың теңге алып, мақсатты жұмсап отыр.

Ш. Дәлдабеков ауыл округінің тұрғыны Қалқабай Шилмырзаев атаулы әлеуметтік көмектің игілігімен 456990 тенгеге 2 бас сауынды сиыр сатып алыпты.

– Атаулы әлеуметтік көмектің игілігін көріп отырғанымыз рас. 6 айлық алатын соманы бірден алған бізге өте тиімді болды. Екі сауынды сиыр алып, балашағамыз ағарғанға қол жеткізді. Алдағы мақсатымыз қорамыздағы мал басын көбейтіп, ел қатарлы өмір сүру. Жалпы қара малдың пайдасы көп, – дейді Қалқабай Шилмырзаев.

Атаулы әлеуметтік көмектің игілігін көргендердің қатарында Қазыбек би ауыл округінің тұрғыны Салтанат Артықбаева да бар. Ол да 6 айлық көмекті бірден алып, 216 мың теңгеге қол жеткізіпті. Ал өзі «Таныр» шаруа қожалығында жұмысшы болып істейді.

Қызылқұмдық Феруза Буриева 6 айға 257 мың, Ынтымақ ауыл округінің тұрғыны Жорабек Ешанқұлов 6 айға 320 мың, Үшкөпір ауылының тұрғыны Жұмахан Жамбаев 180 мың, Жанатбай Худайбергенов 530 мың теңге алып, мақсатты жұмсауда.

 

Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x