Келестің халық театры 40 жылдық мерейтойын атап өтті

Dalanews 28 қар. 2018 11:01 238

Жақында Келес ауданының мәдениет үйінің 40 жылдық мерей тойы тойланды. Шара аясында Мәдениет үйінің жанындағы Келес халық театрының тарихынан сыр шертетін көрме ұйымдастырылды.

Келес халық театрының 40 жылдығына арналған «Театр – менің өмірім» атты мерекелік іс-шарасы болып өтті. Мерекелік іс-шараға Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев, аудандық мәслихат хатшысы Арын Тотиков, Келес халық театрына еңбегі сіңген ардагер өнер майталмандарымен қатар аудан тұрғындары мен қадірлі қонақтар қатысты.

Мәдени шара барысында театр тарихынан сыр шертетін көрме ұйымдастырылып, театр жетекшісі Жангелді Мырзалиевтің режисерлігімен Болат Ұзақовтың «Жан дауа» спектаклі Келес халық театрының 40 жылдық мерейтойына арнайы сахналандырылды.

Өз кезегінде аудан әкімі Ақментай Есбаев халық театр атағы, театр тарихында алтын әріптермен жазылатын өнер майталмандарының ерен еңбегінің арқасында келгенін айтып өтті. Сондай-ақ, алдағы уақытта сол еңбектенген азаматтардың бейнеті бағаланып, аудан әкімдігі тарапынан театрдың дамуына міндетті түрде қолдау болатынын алға тартты.

Аудан әкімі  театрға еңбегі сіңген өнер тарландарына арнайы Алғыс хатын табыстады. Ал аудандық мәслихат хатшысы Арын Орынбекұлы да айтулы мерекеде театр ұжымын құттықтап, арнайы Алғыс хатымен марапаттады. Сонымен қоса, мерейтой иелеріне облыстық Мәдениет және халық шығармашылығы орталығы мен Сарыағаш ауданы әкімдігінің арнайы алғыс хаттары табысталды. Мерекелік мерейтой барысында театр әртістері тарапынан әсем ән жолданып, көрермендердің ықыласына бөленді.

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x