Ордабасылық шаруалар жылды қорытындылады

Dalanews 09 қар. 2018 10:00 210

Бүгін Ордабасы ауданында «Алтын күз» мерекесі салтанатпен атап өтілді. Шара аясында ауылшаруашлық өнімдерінің жәрмеңкесі, асыл тұқымды мал, ауылшаруашылық техникаларының көрмелері ұйымдастырылды.

Шаруаларды айтулы күнмен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев:

– Еліміздің жетістіктерінде Ордабасылықтардың да елеулі үлесі барын ерекше атап өтпекпін. Несібесін еткен еңбегінен күткен жерлестеріміз үшін биылғы жыл жемісті болды, – деп, ауданымыздың жетістіктеріне тоқталды.

Салтанатты жиын барысында еңбек ардагерлері мен озаттары Алғыс хаттармен марапатталып, сый-сияпат иеленді.

Биыл аудандағы егін шаруашылығы алқаптары 58 200 гектарға ұлғайып, мол өнім жинауға мүмкіндік алғанымен ерекшеленді.

Жаз бойы бел жазбай еңбектенген шаруалар 71 700 тонна көкөніс, 50 755 тонна бақша, 9500 тонна картоп, 52 901 тонна дәнді-дақылдар, 5 510 тонна майлы дақылдар, 18 697 тонна мақта, 5 545 тонна жеміс- жидек өнімдері толықтай жинап алынды.

«Алтын күз» салтанаты спорттық сайыстар мен аламан көкпарға ұласты. Шабандоздар жүйріктерін баптап, мерекелік бәйгенің додасына қосты.

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x