Мемлекеттік қызметтің қыр-сырына арналған семинар өтті

Dalanews 08 қар. 2018 16:44 316

Ағымдағы жылдың 7 қарашасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ғ.Асанұлы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің жаңадан ашылған Мемлекеттік қызмет мектебінің студенттеріне кезекті рет дәріс оқыды.

Бұл дәріс мемлекеттік қызмет саласында қызметтік этика мәселелерін қамтыды.

Тыңдаушылар қатарында Мемлекеттік қызмет мектебіне қабылданған 20 студент, осы университеттің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Менеджмент» мамандықтарының 3 курс студенттері болды.

Іс-шара барысында Ғ.Асанұлы кәсіби мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатыны және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қоятыны туралы айтып өтті.

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауға бағытталған әдеп жөніндегі кеңес пен әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысына тоқталып өтті.

Іс-шарада студенттер тақырыпқа байланысты сауалдар қойып, мемлекеттік қызмет саласына қатысты жаңа көзқарастың қалыптасуына мүмкіндіктер алды.

Дәріс соңында арнайы әзірленген бейнероликтер тыңдаушылар назарына ұсынылды.

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x