М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетіне – 75 жыл

Dalanews 29 қар. 2018 09:25 339

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті 75 жылдық мерейтойын атап өткенін хабарлағанбыз. 

Осынау салтанатты шараға Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, оқу орын басшылары мен студенттер және түрлі салада еселі еңбектерімен ел абыройын асқақтатып жүрген университет түлектері қатысты.

Шара барысында белсенді қоғамдық қызметі және білім беру мен тәрбие ісі процестерін ұйымдастыруда еңбек еткен университеттің бірқатар қызметкерлері «Ыбырай Алтынсарин», «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Еңбек ардагері» төсбелгілерімен, сондай-ақ облыс және қала әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталды.



Сонымен қатар, еліміздің игі істері мен жаңашыл бастамаларының алдыңғы сапынан табылып жүрген оқу орынның түлектері –ҚР Ұлттық Ғылымдар Академиясының президенті, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик М.Жұрыновқа, экономика ғылымдарының кандидаты, 1973 жылдан ҚазХТИ комсомол комитетінің хатшысы, қоғам қайраткері, 1993-1997 жылдары ОҚО әкімі қызметін атқарған З.Тұрысбековке және бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлеріне ерекше құрмет көрсетілді.

Айта кетейік, Шымкент қаласындағы аталған білім ордасы 1943 жылы құрылыс материалдары технологиялық институты болып құрылған.

Қазіргі таңда, мұнда 1700 оқытушы-профессор, 136 ғылым доктор, 646 ғылым кандидаты мен доцент 20 мыңнан астам шәкіртке дәріс беріп келеді. 75 жылда уверситеттен 100 мыңға жуық студент түлеп ұшқан.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x