Жансейіт Түймебаев: "Түркістан өңіріндегі жастардың саны 500 мыңнан асады"

Dalanews 29 қар. 2018 08:22 327

Бұл туралы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің 75 жылдық мерейтойында Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев айтты. 

Мерекелік жиын білім ордасының алдынан бой көтерген ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың еңселі ескерткішінің ашылу рәсімімен басталды.

Салтанатты шараға Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, оқу орын басшылары мен студенттер және түрлі салада еселі еңбектерімен ел абыройын асқақтатып жүрген университет түлектері қатысты.

Аймақ басшысы өзінің құттықтау сөзінде іргесі қаланғалы ел дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан оқу орынның ұстаздарына алғыс білдірді.


«75 жылдық тарихы бар білім ордасы үшін биылғы жыл толағай табыстарға толы болды. Атап айтсақ, еліміздегі жоғары оқу орындарының рейтингісінде ІІІ-орынды иеленсе, QS рейтингісі бойынша әлемдегі 4,5 мың жоғары оқу орындарының ішінде 609-дан 501-ші орынға көтерілді. Бұл осында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан оқытушы-профессорлардың ерен еңбегі деп айтар едім.

Жалпы Түркістан өңірінде 500 мыңнан аса жас бар. Мұнда оқитын студенттердің басым көпшілігін облысымыздың жастары құрайды.


Ендеше осында білім алып, өз саласының үздігі атанған бітіруші түлектер түркі дүниесінің орталығына айналған Түркістан облысында өздерінің жаңа мүмкіндіктерін жүзеге асырады деп сенім білдіремін», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x