Жазира Жаппарқұл – Арыстың «Құрметті азаматы» атанды

Dalanews 16 қар. 2018 16:12 228

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала» деп атап өткен болатын.

Бұл үшін елімізде бұқаралық спортты барынша дамыту үшін барлық жағдайлар жасалуда.

Осы орайда бүгін Арыс қаласы әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлы Арыс қаласының тумасы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері, 2016 жылы Рио-Де-Жанейрода өткен Олимпиаданың күміс жүлдегері Жаппарқұл Жазира Әбдірахманқызын қабылдады.

Қабылдау барысында шаһар басшысы М.Қадырбек Ж.Жаппарқұлды «Арыс қаласының құрметті азаматы» атағымен марапаттап, алдағы уақытта әлемдік деңгейдегі жарыстарда алтын тұғырға көтеріліп, қазақ елінің туын желбірете беруіне тілектестігін білдірді.

Мұнан әрі, Жазира Әбдірахманқызы қала жастарымен кездесті. Кездесуге Жазираның әкесі Әбдірахман Жаппарқұлұлы мен тұңғыш жаттықтырушысы Дүйсенбек Қарабайұлы қатысып, Жазираның спорт саласында жеткен жетістіктерінен сыр бөлісті.

Кездесу барысында жастар Жазира Әбдірахманқызына сұрақтар қойып, қаламыздың спорт жанашыры Р.Байков шын көңілмен алғысын білдіріп, алдағы додалы сайыстарда биік белестерден көрінуін және мықты денсаулық тіледі.

Қалалық ішкі саясат бөлімінің қызметкері Ш.Нұртазаева жиынға қатысушыларға алғысын білдіріп, Жазира Жаппарқұлға сәттіліктер тіледі.

 

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x