Құндылықтар «керуені» Арысқа аялдады

Dalanews 21 қар. 2018 15:27 167

Бүгін облыс әкімінің арнайы тапсырмасына сәйкес, халыққа мәдени, рухани, діни тұрғыда түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында облыс аумағында ұйымдастырылып жатқан «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі жиын Арыс қаласына келді.

Көшпелі керуеннің мақсаты – Арыс қаласы тұрғындарының мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру және деструктивті діни ағым жақтастарын Қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу, мемлекет пен дін арақатынасындағы зайырлылық ұстанымы бойынша халықты ақпараттандыру болып табылады.

Жиынға Түркістан облысы дін істері басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесі директорының орынбасары Мәди Беспаев, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Шолпан Мамытханова қатысты.

Жиынды Арыс қаласы әкімінің орынбасары Р.Айтбаев ашып, жүргізіп отырды.

Жиында Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің директорының орынбасары М.Бесбаев, облыстық дін істері басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бөлім басшысы Д.Оспановтың, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Ш.Мамытханованың, Арыс қаласының «Ырыс алды-ынтымақ» қоғамдық форумының хатшысы Қ.Балқыбековтың және Ж.Байғуттиева атындағы өнер мектебі директорының орынбасары Т.Әбдіковтың баяндамалары тыңдалып, жиынға қатысушылар тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алды.

 

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x