Біркөлік шатқалындағы таңбалы тастардың сыры мәлім болды

Dalanews 07 қар. 2018 11:50 343

Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданында киелі орындар көп. Солардың арасында қасиетті Біркөлік жер жайында ел арасында көп әңгіме айтылатыны белгілі. Жақында аудан тұрғындары аңыз емес, шындықтың куәсі болды.

«Төлеби туы», Төлеби таңы», «Леңгер жаршысы» газеттері мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен мен аудандық музей, «Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандары Біркөлік шатқалына барып, жақында ғана табылған таңбалы тастарды көріп, суретке, бейнежазбаға түсіріп қайтты.

Өз кезегінде ауданның тумасы шежіреші, тарихи-зерттеу кітаптардың авторы, Чувашия Ғылым Академиясының академигі Әбдіқадыр Дәуітбеков жаңадан табылған таңбалы тастар біздің жыл санауымыздан бұрынғы және кейінгі қай ғасырға жататындығы мәлімдеді.

Ғалым Азия мен Еуропа елдерінде бүгінге дейін сақталған жазба деректерге сүйеніп өз паймын жасаған. Осы тарихи жәдігерлерді қорғап, зерттеп, кейінгі ұрпаққа жеткізу қазір маңызды міндетке айналды. Біркөліктегі таңбалы тастар табылған жерді аспан астындағы мұражайға, туристер ең көп келетін орынға айналдыру мәселесі көтерілуде.

Ә.Дәуітбеков Біркөліктен табылған тастағы таңбалар ежелгі заманда біздің өлкемізде өмір сүрген үйсін, қыпшақ тайпаларымен қатар керейт, тама, масқар, телеу, шекті, төртқара, жағалбайлы, жуй, қаракерей руларының таңбаларына жататындығын алға тартты.

Біркөліктегі тастағы таңбалар болғар, хакас, осетин, чуваш халықтары таңбаларында да бар екен.

Бүгіндері бірнеше ұлтқа айналған бұл халықтардың бәрі де ежелгі заманда бір тілде, көне түркі тілінде сөйлегені, бір тайпалық бірлестікке бағынғаны, кейіннен Азия мен Еуропаның әр түкпіріне тарағаны тарихтан белгілі. Сонымен қатар осындағы Таңбалы төбе аталып кеткен төбеге де шығып, аудандық музей қызметкерлері осыдан 12 жыл бұрын тапқан басқа да таңбалы тастарды, осындағы ескі қорымның орын, ондағы көлемді шеңбер іспеттес тастарды бұрын көмілген моланың үстіне белгі-ескерткіш ретінде қойылған деп ойламасқа лажымыз қалмады. Қалай болған күнде де жер бетіндегі таңбалы тастарынан бөлек, қойнауына да талай сырды бүгіп жатқаны белгілі.

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x