Төлеби ауданында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ісі түсіндірілді

Dalanews 13 қар. 2018 11:27 193

Төлеби әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру бөлімінің басшысы Ахмет Беден «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиынға, аудан тұрғындары, денсаулық сақтау қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер, жұмыс берушілер, өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтар, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Естеріңізге салсақ, Қазақстанда 2017 жылдың шілде айынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі өз жұмысын бастаған. Аталған жүйе жинақтаушы жүйе емес, және қаражатты дербестендіре бөлуді қарастырмайды.

Бұл ай сайын Медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілер, жұмыскерлер, өзін-өзі қамтитын азаматтар және әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар үшін негізгі төлеуші ретінде мемлекет тарапынан түсетін жарналар мен аударымдар.

МӘМС үшін төлемді кез келген банк немесе «Қазпошта» бөлімшелері арқылы аударуға болады. Жарналарды ай сайын да, алдын ала бірнеше айға да төлеуге болады.

 

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x