Түркістанның түп тарихын зерттеу – тарих ғылымының өзекті мәселесінің бірі

Dalanews 02 қар. 2018 10:38 135

Орта Азия мен Қазақстан аумағында өркендеп, түрлі шапқыншылық кезеңдерде басқа елдімекендер сияқты тарих сахнасынан өшіп кетпей, қазіргі уақытқа дейін өмір сүріп келе жатқан саусақпен санарлық қалалардың бірі - Түркістан.


Күлтөбе қалашығының цитаделінде жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстары «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 2010 жылдан бері Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының бақылауында (Б.Ә.Байтанаев) және сол институттың білікті мамандарының (Е.Ә.Смағұлов, А.О.Ержігітова) күшімен іске асырылуда. "Бұл жұмысқа «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің өз мамандары да атсалысуда", – деп жазады мұражайдың баспасөз қызметі .


Осы жылдар ішінде І-ІІІ ғасырларда салынған төрт жапырақты гүлге ұқсас сирек кездесетін ғибадатхана (әлде кешік) қосалқы құрылысы және дәліздері, ауласы мен оңтүстік бетін қоршаған қорған қамалымен аршылды.



Қазбадан табылған және табылып жатқан біздің заманымыздың І-ІІІ ғғ., ІV-VІ ғғ. және VІІ-ІХғғ. жататын құрылыстар жауын-шашын әсерінен езіліп кетпес үшін үстін уақытша арнайы қалың тентпен және соңғы қазба жұмыстары барысында қалашықтың оңтүстік-шығыс бөлігінен аршылған құрылыс орындарын да уақытша профнастилмен жауып қоюға шешім қабылданды.


Өткен жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан металлоконструкциямен үстін қайта жабу жұмыстары жүргізілді. Қазір мұнымен тікелей «Қазқайтажаңғырту» РМК Алматы филиалының мамандары айналысуда.


Цитаделді толық аршып, реставрациялап, сондай-ақ консервациядан өткізу, төбесін ұзақ жылдарға шыдайтын жабындымен жауып, туристер жүретін соқпақ жолдар жүргізіп, ашық аспан астындағы музейге айналдыру және ЮНЕСКО-ның «Әлемдік мұралар» тізіміне ұсыну - басты міндеттердің бірі және бірегейіне айналды. Қазіргі күні сәулетшілер тобы оның жобасын дайындау үстінде. Осы екі аралықта қазбадан табылған және табылып жатқан біздің заманымыздың І-ІІІғғ., ІV-VІғғ. және VІІ-ІХғғ. жататын құрылыстар жауын-шашын әсерінен езіліп кетпес үшін үстін уақытша арнайы поливинилхлоридтен резина араластырылып жасалған көп қабатты жабын материалымен және соңғы қазба жұмыстары барысында қалашықтың оңтүстік-шығыс бөлігінен аршылған ортағасырлық қала құрылыс орындарын да уақытша профнастильмен жауып қоюға шешім қабылданды. 



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x