"Тұңғыш Президент және Түркістан" көрмесі ұйымдастырылды

Dalanews 30 қар. 2018 06:55 205

Астана концерт залының фойесінде 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Елбасы және Түркістан» көрмеге қорық-музей қорынан 60-тан астам жәдігер қойылып, үш бөлімге топтастырылды.

Көрменің бірінші бөлімінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1985 жылы Қазақ ССР Министрлер кабинетінің басшысы, егеменді, тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті тұсындағы, бауырлас Түркия Республикасының Президенттері Тұрғыт Озал, Сүлеймен Демирел, Ахмет Сезар, Абдулла Гүл, Реджеп Тайып Ердоған, Өзбекстан Республикасының Президенті И.Каримовпен, 2018 жылғы Түркістандағы ресми сапарларынан сыр шертетін фотосуреттері экспозициядан орын алды.

Көрменің екінші бөлімінде әулиелердің Сұлтаны атанған Қожа Ахмет Ясауи мұрасына арналады.


Қожа Ахмет Ясауидің артында қалған баға жетпес мұралары ХVІІІ ғасырға тән «Диуани хикмет» кітабының қолжазба және баспа нұсқалары, ХІХ ғасырда қайта көшірілген «Рисоллә дәр адаби тариқат», «Насабнама» шежіресі, ұлы тұлғаның шәкірттері С.Бақырғанидің «Диуан» қолжазба еңбегі, Шейх Худайдад Таш-Мухаммед әл-Бухаридің «Бустан уль Мухиббиннің» түркі тілінде жазылған қолжазба еңбегі, Ә.Науаидің «Ғазалдары», Софы Аллаярдың «Муслик ал-Муттакин», «Әулиенің өсиеттері» еңбегі, Қожа Хафиздің «Диуаны», Имам Мағрудидің «Қиссалары», Әулие Биделдің «Диуан» еңбектері қойылды. 



Көрменің үшінші бөлімінде Түркістан өңіріндегі киелі орындар мен тарихи ескерткіштер жайында фотосуреттер көпшілік назарына ұсынылды. Қазіргі таңда, 24000-нан аса жәдігері бар "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Қожа Ахмет Ясауи мұраларын сақтап, жинақтап келушілерге үздіксіз қызмет көрсетумен айналысады.

Айта кетсек, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен күні кеше ғана жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында Алтай мен Атыраудың арасын, Ертіс пен Есілдің жағасын мекендеп, Қаратаудан Ұлытауға дейінгі Ұлы даланы жайлаған ұлтымыздың ұлылығына, бабаларымыздың батырлығына ел тағы да бір мәрте қанықты.



Ұлы даланың ұлы есімдерін халық жадында мәңгі сақтау арқылы ұлы бабамыз Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы мен ілімін халық санасында жаңғыртып қана қоймай, қарға тамырлы қазақтың ғана емес түбі түркі дүниесінің рухани тарихының жаңа беттерін тануға жол ашылды деуге толық негіз бар. 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x