Кентау жастары есірткіге қарсы

Dalanews 28 қар. 2018 09:23 254

Кентау қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен қаладағы №10 жалпы орта мектепте «Есірткі және есірткі құмарлық дегеніміз не?» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге қалалық білім бөлімінің әдіскері Г.Исмагилова, қала әкім апаратрының инспекторы балалардың құқығы қорғау жөніндегі комиссия хатшысы Жадыра Нысанбаева, кәмілетке толмаған істер жөніндегі полиция копитаны Ж.Ахметов, қалалық емхананың наркологы А.Исмайлова қатысты.

Семинар барысында видеоролик, көрініс көрсетіліп бірнеше сұрақтар қойылды. Профилактикалық минут, полиглот, психологиялық тренинг жүргізілді. Қойылған сұрақтарға мектеп оқушылары белсене қатысып, видеороликтерді талқылап өз ойларын ашық жеткізді.

Өз кезегінде білікті нарколог маман А.Смайлова бүгінгі тақырыпқа орай оқушыларға кеңінен мағлұмат берді. Ал қалалық жас өспірімдер бөлімінің полиция капитаны Ж.Ахметов есірткінің қауіптілігі жайлы түсінік берді. Семинар соңында қалалық білім бөлімінің әдіскері Г.Исмагилова семинарды қорытындылап жасөспірімдердің бойында қандай адамгершілік қасиеттерінің жоғары болуын көрсете отырып, салауатты өмір салтының жолдары атап өтілді.

–  «Жұмыла көтерген – жүк жеңіл» демекші, бұл бір адамның қолынан келетін іс емес, олай болса бүкіл қоғам, адамзат алдында кезек күттірмейтін әлемдік мәселе – есірткіге қарсы жаппай күрес. Сондықтан мектепте әр түрлі игі іс-шаралар өткізіп ұрпақ тәрбиелеуді, жан-жақты қолға алсақ, көп нәтижеге қол жеткізуге болады, – деп сөзін аяқтады.

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x