Отырарда Тұңғыш Президент күніне орай ауқымды шаралар ұйымдастырылды

Dalanews 30 қар. 2018 07:15 148

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайында Тұңғыш Президент күніне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.




Қонақтар алдымен музей мен  аудандық орталық кітапхананың ұйытқы болуымен қойылған «Елбасы-Ұлт Көшбасшысы» атты көрмені тамашалады.

Шара барысында аудан әкімі Ерлан Айтаханов, әдебиетші Сағындық Қыдыр, тарихшы Бекжан Бейсенбай және музей қызметкерлері сөз алып Елбасының ел бірлігі, ұлттар татулығы жолында сіңірген еңбектері жайында кеңінен әңгімеледі деп хабарлайды Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

     Сондай-ақ, «Ақбол» балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық кадрлардың кәсіби қызметінде технологияларды қолдану тиімділігі» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинары өтті. Семинарға болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығын ескеріп аудан әкімі Ерлан Айтаханов арнайы барып қатысып, құтықтау сөз сөйледі. 


Өз сөзінде: «Құрметті семинарға қатысушылар, сіздерді бүгінгі айтулы мереке 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тұңғыш Президент күнін ерекшелігі сонда, ол - қазақ халқының мемлекет болып қалыптасуының маңызды кезеңін айқындайды. 


 Ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға біліммен қатар, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы», – деген екен.



Ұрпақ тәрбиесінде ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлерін оқып үйрену, өнеге тұту, жас ұрпақты ізгілікке баулу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ұлттық тәрбиенің құдыретін қанша айтсақ та, түгел айту мүмкін емес. Осындай ұлы тәрбие ізгіліктері бала кезден, бұла кезіңнен бастау алмаса, кейін өте қиынға соғатыны – дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Сондықтан бүгінгі семинардан осы бағытта мол тәжірибе алмасып, маңызы зор жетістіктерге қол жеткізеді деген сенімдемін» – деген аудан әкімі семинар жұмысына сәттілік тіледі.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x