Тұңғыш Президент күні Созақ ауданында жоғары деңгейде аталынып өтті.

Dalanews 30 қар. 2018 07:29 305

Егемендікке ие болған еліміздің көп ұлтты және ұлысты халқының дауыс беруімен сайланған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Созақ ауданы тұрғындары салтанатты жағдайда атап өтті.

Аудан орталығындағы «Мыңжылқы» мәдениет сарайында Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын болды. Жиынға аудан, мекеме бөлім басшылары, қызметкерлер, мұғалімдер мен тұрғындар қатысты.

Жиын барысы ұлттық күйлердің орындалуымен сарай залына аудандық мекемелерден, мектептерден, ұйымдардан жиналған көпшіліктің көңіл күйлеріне мерекелік сипат беріп, басталуында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалуымен ашылып, құттықтау сөз аудан әкімі Салыхан Полатовқа берілді. Аудан басшысы, Елбасының халықаралық дәрежедегі беделі, жоғарғы лауазымды қызметіндегі тұлғасы жайлы кеңінен айтып, еліміздің қазіргі уақыттағы “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” және «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру атты халыққа Жолдауының жаңа экономикалық саясаттың маңызды стратегиясына назар аударды.

Сонан соң, аймақ басшысы ауданға еңбегі сіңген зейнеткер Сатан Махановқа, Әбіләкім Азнаевқа «Астана қаласына 20 жыл» мерекелік медалін, Құмкент ауыл округінің әкімі Абай Көбеновке облыс әкімінің Грамотасын, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мерей Ниязәліұлына облыс әкімінің Алғыс хатын тапсырды. Сондай-ақ, Созақ ауданының 90 жылдығына 90 мақала айдарымен әлеуметтік желіде ауданның тарихын насихаттауда ерен еңбек еткен Кәмілжан Рысметов, «Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Роллан Әлжанов, аудандық Орталық кітапханың бөлім меңгерушісі, Созақ ауданының 90 жылдығына арналып шығарылған Созақ энциклопедиясының жауапты жинақтаушысы болған Гүлнар Өмірбек, Қазателеком мекемесінің бөлім басшысы Жақып Мұқымбеков, кәсіпкер Бағлан Сүгірбаев, «Жастар ресурстық орталығының» КММ басшысы Жеңіс Төлепбергеновке аудан әкімінің Алғыс хаты тапсырылды.

Салтанатты жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов, аудан жастарының атынан Асқар Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Бауыржан Аманов көпшілікті құттықтады.

Мәдениет сарайының қызметкерлері тартымды жүргізген жиында аталған сар айдың өнерпаздары мен мектеп оқушылары қазақ елі туралы патриоттық әндерін шырқалса, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзіне жазылған «Үш қоңыр» әні айтылды.

Көтеріңкі көңіл күйді қалыптастырған салтанатты жиын есте қаларлықтай жоғары деңгейде өтті. Сондай-ақ, Шолаққорған ауылындағы «Мыңжылқы» мәдениет үйінің алдында Тұңғыш Президент күніне орай концерттік бағдарлама қойылды. Аудандық өнерпаздары, мерекеге орай әннен шашу шашып, күй тартты. Аудан тұрғындары аталған мерекелік концертті тамашалап, жалпыxалықтық серуенге ұласты. Барлық ауыл округтер мен кенттерде мерекелік шаралар, дөңгелек үстел, қайрымдылық істер ұйымдастырылып, кіші футболдан, волейболдан, үстел теннисінен жарыстар өтті.



Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x