Арайлы алтын күз

Dalanews 15 қар. 2018 16:17 254

Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Панфилов мектебінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында Арайлы Алтын Күз – 2018 байқауы болып өтті.

Іс-шараға Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Қаратау ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі әдіскер С.Естауов, мектеп директоры І.Омар, мекеме басшылары, ұзтаздар және ауыл жастарынан тұратын 40 адам қатысты. Іс-шара барысында сөз сөйлеп іс-шараны ашып берген мектеп директоры І.Омар жастардың бос уақытында осындай спорттық, мәдени, рухани іс-шаралардың көптеп ұйымдастырылуына жағдай жасау керектігін атап айтып, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тіледі. Байқауға мектеп оқушыларынан құралған 5 топ қатысты. 2 сағатқа жоспарланған байқауда әр топ өз өнерлерін ортаға салып, мықты екендерін көрсете білді. Атап айтар болсақ А.Тұрлыбекова, Ә.Сәкенқызы, А.Елтай көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Байқау қорытындысында әділ қазылардың шешімімен орын алған топ мүшелері және жекелеген өнерпаз жастар да арнайы марапаттармен марапатталды. Көрермендер арасынан сөз сөйлеген ардагер ұзтаз С.Тәжібеков көңілді кеш сыйлаған байқауға қатысушы жастарға және ұймдастырушыларға ризашылығын білдірді.

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x