Қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу

Dalanews 26 қар. 2018 15:55 200

Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебі және Сызған ауыл округі жастар ісі жөніндегі әдіскері М.Маханбетовтың ұйымдастыруымен қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында оқушыларға түнгі уақытта бей-берекет жүрмеу керектігі, болмаса ата-анасымен ғана жүру рұқсат екені түсіндірілді. Ал егерде түнгі уақытта жүрген жағдайда ата-анасы жауапкершілікке тартылатыны баса айтылды. Оқушылар бей-берекет жүрмейтініндерін айтып жеткізді.

Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу және кешкі мезгілде жасөспірімдердің ата-ананың қарауынсыз жүрмеуін қадағалау болды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x