Отырарлық кәсіпкерлер 163 отбасыға көмір түсіріп берді

Dalanews 21 қар. 2018 15:26 309

Қылышын сүйрете келіп жеткен қыс мезгілінің алғашқы ызғарын да отырарлықтар сезіне бастады.

Қыстық қатты отын алуға қауқары жетпей қамкөңілмен жүрген аз қамтылған отбасыларға отырарлық кәсіпкерлер қол ұшын беріп, үлкен азаматтық танытты. Туған жердің әрбір маңызды мәселесіне шет қарамайтын жаны жомарт, қолы ашық абзал азаматтар ауданымызда аз емес екендігіне көз жеткіздірді.

Отырар ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен қолға алынған игі бастамаға  «Саутс Ойл», «Азия Агро Групп», «Омар ата», «Ақжол»   ЖШС-мен қатар, ауылдан шыққан бір топ жеке кәсіпкерлер  де өз үлестерін қосты.

Қараша-желтоқсан айлары аралығында ауданның жекелеген елдімекендері бойынша 163 отбасыға жомарт жандар  250 тонна көлемінде қыстық отын алып, өздері жеткізіп берген. Жалпы Отырар ауданында мұндай ізігілікті шаруалар жиі-жиі ұйымдастырылып тұратынын айта кетуіміз. Аудандағы кәсіпкер азаматтар да мұндай іс-шаралардан қалыс қалмайды.

Қарапайымдық пен ізгілікті жандарына серік еткен демеушілерге көмек алушылар алғысын жаудыруда.

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x