Мырзакенттің спорт мектебі өрлеуде

Dalanews 03 қар. 2018 15:46 223

Мақтаарал ауданының ортылығы Мырзакент кентіндегі №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 2003-2004 жылғы оқушылары Қазығұрт ауданы әкімдігінің жүлдесіне арналған бокстан өткен облыстық турнирге қатысып, жоғары белестерден көрініп қайтты. 

Бокстан өткен облыстық турнирде спорт мектебінің оқушылары Асхат Бекбосын ІІ орын, Нұрғиса Нажимиддин ІІІ орынды иеленіп, мақталы өлкенің абыройын асқақтатты. Сондай-ақ, А.Бекбосын Түркістан облыстық құрама командасының сапына қабылданып, ҚР Чемпионатының аймақтық жарысына қатысу жолдамасын жеңіп алды.

Жас боксшыларды дайындаған спорт мектебінің жаттықтырушылары Нұрбек Демеуов пен Ерғали Ердешов екенін айта кету керек. Қос жаттықтырушы да өз саласын жетік білетін маман. Олар алдағы уақытта Мырзакенттің жастарын чемпион дәрежесіне дейін көтеруге бар күш-жігерін жұмысайды десек болады.

Мырзакенттіктер баскетболды да шебер ойнайды. 25-29 қазан күндері спорт мектебінің 2003-2004 жылғы оқушыларынан құралған команда Отырар ауданында баскетболдан өткен облыстық турнирдің чемпионы атанды. Ұлағатты ұстаз, белгілі бапкер Т.Рахметовтың жүлдесіне арналған турнирде Мырзакент спорт мектебінің жаттықтырушылары М.Катешов және Н.Катешовтың оқушылары осылайша жеңістің тұғырынан көрінді.

 

Мақтаарал аудан әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x