Төлеби ауданында мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың мәселелері талқыланды

Dalanews 22 қаз. 2018 03:48 291

Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қызметтердің тиімділігін арттыру және бұл бағыттағы кемшіліктерді болдырмау мәселелеріне қатысты семинар жиналыс өтті.

Семинарға аудандық №9 медициналық сараптама бөлімінің, әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету бойынша Төлеби аудандық бөлімінің, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және қала ,ауыл округтерінің әлеуметтік сала бойынша мамандары қатысты. Семинарды аудан әкімінің орынбасары Рабиға Бейсебаева жүргізіп отырды.

2018 жылдың 16 қазанындағы Аудан прокуроры Д.Тілемісовтың мүгедектердің мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдардың өзара іс-қимыл жасалуына жургізілген талдауы бойынша берілген ұсынымында, аудан көлеміндегі мүгедектер санының Төлеби ауданындағы №6 медициналық сараптама бөлімі, Әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету бойынша Төлеби аудандық бөлімі, Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен қала, ауыл округтерінің әлеуметтік сала бойынша мамандарының ұсынылған мәліметтерінің айырмашылығы көрсетілген.

Ұсынымдағы аталған кемшіліктерді жою мақсатында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан аудандағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тізімдерін жинақтау үшін арнайы жұмысшы тобы құрылды.

Бұл құрылған жұмысшы тобының мақсаты бөлім, ауыл округ әкімдіктері, №6 медициналық сараптама бөлімі және зейнетакы төлеу орталығы арасындағы өзара байланысты жандандырып, аудандағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар туралы салыстырмалы акт түзіп, қажетті әлеуметтік қолдаулар көрсету.

Сондай-ақ, ауыл округ әкімдіктері үнемі аудандағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың саны мен тізімдерін жасақтап, Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен №6 медициналық сараптама бөліміне тапсырып отыру іс-шара жоспары түзілді.

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x