Ауыл шаруашылығы алға басқан ауыл

Dalanews 19 қаз. 2018 15:33 354

Сарыағаш ауданына қарасты Жібек жолы ауылдық округінде 7 елді мекен орналасқан.  Жалпы тұрғын үй саны – 2801, халық саны –  21023 адамды құрайды.

Ауылдық округінің жалпы жер көлемі 19732 гектар болса, оның 11771 гектары жайылым, 3510 гектары суармалы жер, 4207 гектары тәлімі егістік, 965 гектары бау-бақша және 717 гектары елді мекеннің жерлері. Бүгінгі таңда 767 агроқұрылым тіркеліп, жұмыс жасауда.

Жібек жолы ауылдық округі мен Өзбекстан Республикасы арасындағы шекараның ұзындығы 21,0 шақырымды құрайды. Мемлекеттік шекара бойында «Жібек жолы» бақылап өткізу пункті, «Красный водопад», «Қазығұрт» заставалары орналасып, мемлекеттік шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Ағымдағы жылы 1 млрд 150 млн теңге көлемінде жеке кәсіпкерлер есебінен инвестиция тартылып «Алтай ата» спорт кешені (50 млн теңге) және 446 орындық «Бесжұлдыз» балабақшасы (1,1 млрд теңге) ашылды. Нәтижесінде 68 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Ағымдағы жылы Жібек жолы ауылы 1,8 шақырым Т.Бердімұратов көшесіне және С.Қарақұлова көшесінің 0,3 шақырымына орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ауылдық округтегі 7 елді мекен табиғи газбен қамтылған.

Ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастырумен Жаңа тұрмыс елді мекенінде тұрғындар есебінен 5 көшеге жарық шамдары орналастырылып, қолданылған жарық ақысы тұрғындар есебінен төленуде.

«Түркістан облысы Агро өнеркәсәптік кешені 2017-2021 жылдарға дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2018 жылы іске асырылатын жұмыстар туралы үш жақтама келісімдегі жоспар түзіліп бекітілді. Жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда. 2018 жылы ауыл шаруашылық тауарларын өндіретін агроқұрылымдар 342 гектар жерге дәндік жүгері, 1053 гектар жерге көкөніс, 101 гектар жерге бақша, 1179 гектар жерге картоп егіліп, мол өнім жиналды. Жылыжай көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 4,13 гектарға ұлғайып, жалпы көлемі 49,03 гектарды құрады.

«Сыбаға» бағдарламасы аясында 60 бас ірі қара және «Алтын асық» бағдарламасы арқылы 625 бас уақ малдар түрлендіруде. Жайылымдарды суландыру мақсатында 2 шаруақожалығы есебінен инветиция тартылып 2 құбырлы құдықтар қазылды.

Ағымдағы жылы Жаңа құрылыс елді мекеніндегі Ағанай каналын механикалық тазалаудан өткізу үшін бюджеттен қаржы бөлініп, мехеникалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 42,0 гектар жер қайта айналымға қосылды.

Ауылдық округте тұрмыс жағдайы төмен аз қамтамасыз етілген 2 отбасыға демеушілер есебінен екі тұрғын үйлер салынып берілді.

 

«Dalanews» ақпарат

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x