Ақпараттық топ Сарағаштағы іс-шараларға қатысты

Dalanews 24 қаз. 2018 15:10 212

Түркістан облысы жастар ресурстық орталығыны мен Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі ақпараттық топтың аудандағы кәсіпкерлермен кездесуін ұйымдастырды.

Аталған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Марат Сейтімбетов, ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы Алдияр Қозыбаев, облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Береке Дүйсебеков, Сарыағаш жастар ресурстық орталығының басшысы Қанат Иматов және облыстық, аудандық телеарналар тілшілері қатысты.

Іс-шара барысында ақпараттық топ Құркелес ауылдық округінде орналасқан «Fresboom», «ZIZI» сағыз өнімдерін өндіретін зауыт жастарының жұмысымен, Сарыағаш қаласындағы табысты жас кәсіпкердің жұмысымен және жастарға арналған оқу орталығының жұмысымен танысты.

Іс-шара барысында ақпараттық топ мүшелері Жібек жолы ауылдық округінде өткен «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл бақыт ел үшін» атты өзге ұлт өкілдерінің форумына қатысып, қатысушыларға ізгі тілектерін білдіріп, алғыс хаттар мен марапаттар ұсынылды.

Соынмен қатар Сарыағаш қаласы, Қапланбек аграрлық-текникалық колледжінде арнаулы орта оқу орындарының студент қыздары арасында спорттың волейбол түрінен жарыс болса, Сарыағаш қаласында орналасқан спорт кешенінде спорттың кіші футбол түрінен «Студенттік лига» ойындары ұйымдастырылды. Бұл жарыста Сарыағаш ауданы мен Келес ауданның жастарыда бақтарын сынады. Жарысты тамашалауға, жас қыздардың талантын көруге, жастарға қолдау көрсетуге Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Абдуалиев, Облыстық жастар ресуртық орталығының басшысы Б.Дүйсебеков арнайы қатысты.

Жарыс соңында аудан басшысы жастарға өмірде сәттілік тілеп, алдағы жарыстарда биік белестерден көрінуіне тілектестік білдіріп, жарысты қорытындылап жеңіпаздарды марапаттады.

 

 

«Dalanews» ақпарат

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x