Мақтаралда дүбірлі той болады

Dalanews 19 қаз. 2018 07:30 234

Тойдың болғанынан боладысы қызық. Мақтарал ауданының 90 жылдығы кең ауқымда аталып өтпек.

2018 жылдың 26-27 қазан күндері Мақтарал ауданының 90 жылдық мерей тойының қарсаңында

«Мақтарал – ұлы билер ұлағатының құт мекені» тақырыбымен іс-шаралар легі жоспарлануда.


Аудандық баспасөз қызметінің хабарлауынша жергілікті әкімдік осынау шараға қызу дайындық жүргізуде.

Атап айтсақ 26-қазанда аудандағы Атакент кентіндегі «Алпамыс батыр» атындағы орталық стадионда бабалар рухын еске алуға арналған футболдан өтетін жарыстың шымылдығы түріледі.

Бұдан бөлек дәл сол күні Атакент кентіндегі «Достық» мәдениет үйінде ақындар мен дәстүрлі әншілер ән-жырдан шашу шашпақ.


Ал 27-ші қазанда Жетісай қаласының «Жеңіс» орталық алаңындағы қазақтың үш биі ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

90 жылдың торқалы тойдың аясында Атакент кентіндегі «Достық» мәдениет үйінде «Мақтарал – ұлы билер ұлағатының құт мекені» тақырыбында өтетін конференцияға қатысып, осында көтерілген мазмұнды, мағыналы тақырыптарды тыңдай аласыз.

Артынша «Алпамыс батыр» атындағы стадионның жазғы демалыс алаңында кезекті концерттік бағдарлама өтеді.

Айта кетелік, іс-шараларға өткізуге республикалық «Әйтеке би» қоғамдық қоры мұрындық болды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x