Төлеби ауданында экономиканың барлық саласында алға басушылық байқалады

Dalanews 19 қаз. 2018 12:14 278

Төлеби ауданы әкімі Бауыржан Омарбековтің қатысқан брифингте ауданның экономикасы қарқынды даму жолына түскені мәлім болды. Айталық, Төлеби ауданында 8 айдағы жалпы өңірлік өнім 62 млрд 956 мың теңге құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда өсім 16 пайызға артқан.

Жыл бойы атықарылған жұмыстарды журналистер алдында талдап, таразылған аудан әкімі алға басушылық экономиканың барлық саласында қамтып отырғанын тілге тиек етті.

– Төлеби ауданының өнеркәсіп саласында 21 млрд 828 млн теңгенің өнімі өндірді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 106 пайыз өсімді көрсетеді.  Ауылшаруашылық саласының өнім көлемі де 102,5 пайызға жоғарлады, –деді ауданы әкімі Бауыржан Омарбеков.

Ауданда білім саласының өзекті мәселелерінің апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептердің ғимараттар болатын. Аталған мәселені шешу үшін облыстық бюджет есебінен 4 мектептің құрылысына 1 млрд 180 млн теңге бөлінген. Сонымен қатар 7 мектептің жоба-сметалық құжаттамалары дайындалғанын әкім атап өтті. Олардың құрылысы келер жылы басталады.

Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту да қарқын алыпты. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдан 48 пайызға артық орындалған. Леңгір қаласындағы 5 қабатты 40 және 20 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына облыстық бюджеттен 236 млн. теңге қаржы қарастырылыпты. Биыл 20 пәтерлі  тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталып ел игілігіне берілді.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x