Сарыағаштағы қос қуаныш

Dalanews 02 қаз. 2018 10:36 269

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданына барып, бірқатар әлеуметтік нысандарды ашып, олардың жұмысына сәттілік тіледі.  

Әкім алдымен «Жібек жолы» кеден бекетінің жұмысымен танысқан өңір басшысы одан кейін Жібек жолы ауылдық округіндегі «Бес Жұлдыз» балабақшасына келді. Жеке кәсіпкер Г.Гуламованың иелігіндегі балабақшаға 1,1 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылған.

Қазір 450 бала тәрбиеленіп жатыр. Алпыс адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Облыс әкімі балаларға базарлық ұсынып, балабақша ұжымының қадамын оң бағалады.

Бұдан кейін облыс әкімі жаңадан орнатылған компьютерлік томографияның жұмысымен танысып, томография орталығын саланатты түрде ашып беріп, сарыағаштық дәрігерлерге 3 автокөліктің кілтін тапсырды.

Бұл игілікті істердің бәрі Елбасының медицина саласына жасаған қолдауының тәтижесінде болып жатқанын тілге тиек еткен өңір басшысы аурухана ұжымына сәттілік тіледі. Заманауи құрылғы арқылы бас мидың қан айналымдары ауруларын, ісік және ішкі құрылыстағы ауытқулар мен сүйек жарақаттарын анықтайды.

Жұмыс сапары соңында облыс әкімі Сарығаш ауданы, Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Ай-Мейірім» балабақшасының ашылу салтанатына қатысты. Мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясында салынған балабақшада 75 бала тәрибеленеді. Нысанды салуға және ашуға 178 млн. теңге инвестиция тартылған. Қазір бұл мекемеде 28 адам тұрақты жұмыс істеп жүр.

Балабақшаны ашып берген Ж.Қансейітұлы мемлекет тарапынан білім саласына айрықша қамқорлық көрсетіліп жатқанына тоқталып, тұрғындарды қуанышты оқиғамен құттықтады. Бүгінде Сарыағаш ауданында 203 балабақша жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта да мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны артады деген болжам бар.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x