Талдықорған жасыл қала

Dalanews 05 қыр. 2018 10:21 238

Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы жанындағы «Талдау және болжау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары үстіміздегі жылдың мамыр – маусым айлары аралығында облыс тұрғындарының ой-пікірлерін білу мақсатында «Талдықорған қаласы» тақырыбында интернет-сауалнама жүргізді. Сараптама нәтижесі бойынша тұрғындардың қалаға деген көзқарастары анықталды.

Талдықорған қаласы – Қазақстан Республикасы Президентінің «Алматы облысының орталығын көшіру туралы» 2001 жылдың 14 сәуіріндегі Жарлығына сәйкес Алматы облысының орталығы болып жарияланды. Қала құрамына 8 елді мекендер кіреді: Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы, Мойнақ ауылы, Еңбек ауылы, Пригородное ауылы, Ынтымақ ауылы, Еркін ауылы, 3-ші бөлімше.

Қала аумағы 75,88 шаршы шақырымды құрайды. Ресми ақпараттарға сәйкес, қала және елдімекендердегі тұрғындар саны – 172,2 мың адам (01.01.2018 ж.), 70-тен астам ұлттар мен халықтар тұрады, оның ішінде қазақтар – 125,0 мың адам (72,6%), орыстар –35,5 мың адам (20,6%), кәрістер – 4,5 мың адам (2,6%), татарлар –2,6 мыңадам (1,5%), немістер – 1,0 мыңадам (0,6%) және басқа да ұлт өкілдері тұрады. Тұрғындардың жалпы санынан қалалықтұрғындар 145,7 мың адам (84,6%), ауыл тұрғындары 26,5 мың адамды (15,4%) құрайды. Халықтың тығыздығы -1 шаршы км-ге 2269,4 адам тең келеді.

Талдықорған қаласындағы қауіпсіздік деңгейін респонденттердің 37% жоғары, 36% орташа, 18% төмен деп бағалады. Ал, 9% «жауап беру қиын» деген пікірде болды.

Қаламыз қаншалықты көгалдандырылған деген сауал бойынша респонденттердің 27% жақсы көгалдандырылған, 55% ішінара көгалдандырылған, 9% көгалдандырылмаған, 9% «жауап беру қиын» деген оймен өз пікірлерін білдірді.

Талдықорған қаласының «цифрландырылуға дайын ба» деген сауалнамаға респонденттердің 64% «ия дайын», 18% «дайын емес» деп және 18% «жауап беру қиын» деген пікірді көрсетті.

Респонденттердің 37% Талдықорған қаласынан басқа жаққа көшіп кеткім келеді деген ойын білдірсе, 36% ешқайда көшпейтіндерін айтты, ал 27% «жауап беру қиын» деген пікірде.

Талдықорған қаласында орналасқан «City Plus» сауда ойын сауық кешені тұрғындардың 73%-на ұнаса, 27%-ның көңілінен шықпады.

Азаматтардың өмір сүру деңгейін респонденттердің 18% жоғары бағаласа, 64% қанағаттанарлықтай, ал 18% төмен деңгейде бағалады.

Талдықорған қаласында қандай нысандар салу қажет деген сауалнамаға респонденттердің 46% мәдени нысандарын, 27% сауда ойын сауық кешендерін, 9% қоғамдық тамақтандыру объектілерін, 9% саябақтар мен демалыс орындарын салу қажет деген пікірлерін білдірсе, 9% жауап беру қиын екендіктерін көрсетті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x