Түлкібастық түлектер игі істің бастамашылары болды

Dalanews 28 қар. 2018 07:13 314

Түркістан облысында биыл мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер 7 баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған анаға ауылдарынан үй алып беріп, қуанышқа бөледі. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің фейсбуктегі парақшасында айтылды.



Түркістан облысы, Түлкібас ауданына қарасты Тұрар Рысқұлов ауылының Абай атындағы қазақ орта мектебінен осыдан жиырма жыл бұрын түлеп ұшқан азаматтар осындай игі іс жасады. 1998 жылы мектеп бітірген түлектер 7 баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ана Алмагүлге ауылдан үй алып беріп, қуанышқа бөлеген.

– Пайғамбарымыз с.а. у егерде кімде-кім бір игі істі бастайтын болса және ол ертең жалғасын табатын болса, ол менің бір сүннетімді жаңартқанмен тең" деп айтып кеткен болатын. Біз де сондай бір игі істі бастап және ол ертең жалғасын тапса екен деген ниетіміз ақыретке дейін жалғасса екен деп, Алладан тілейміз. Алмагүл апай, міне, мектеп бітіргендеріне 20 толған 81-жылғылар сізге Алла разылығы үшін үй сыйлап отыр. Бұл үй Алланың сізге берген сыйы. Сізге берілген үй біздің ақшамыз, тапқан дүниеміз емес. Оны Алла тағала бізге берді, одан кейін осы сізге үлестіріп отырмыз. Сондықтан да, бұл үйде тек қана жақсылық, қуаныш болсын, – деген түлектер үй иесіне сыйлықтарын табыстаған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x