Cарыағаш ауданында өнер фестивалі өтті

Dalanews 26 сәу. 2018 16:39 290

Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты облыстық өнер фестивалі  өтті.



Мәдениет саласының халыққа заманауи мәдени қызмет көрсету шараларын жақсарту,  жұмыс сапасын арттыру, сонымен қатар, халық шығармашылығын дамытып,  мәдениет ошақтары жанынан құрылған үйірмелердің іс-тәжірбиелерін насихаттау мақсатында өткізілген фестивальде М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің аға оқытушысы Жұмабай Ләйла  Жұмабекқызы,  «QAZAQSTAN» Ұлттық арнасының «Елден хабар» және «On'tu'stik» телеарнасының «Ел мен жер» бағдарламаларының  редакторы, ҚР Мәдениет Қайраткері  Атабек Мұхтар Орынтайұлы, композитор, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Сәтмұхамбетова Құралай Шайзадақызы, Облыстық мәдениет және халық  шығармашылығы орталығының Халық шығармашылығы бөлімінің меңгерушісі Нұрмағамбетов Мұратбай Қуантқанұлы, Облыстық мәдениет және халық  шығармашылығы орталығының редакторы, Халықаралық "Баспасөз сыйлығының" иегері Айтпенбетова Мадина Жұмабайқызы  қазылық етті.

Іс-шарада ауданның мәдени тыныс-тіршілігі мен жаңалықтары жөнінде  бейнефильм көрсетіліп,  Сарыағаш қаласының төбе биі  Рахымберді Оспанов  құттықтау сөзбен ашып берді.

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» облыстық өнер фестивалі аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Сонымен қатар, аудандағы мәдениет үйлері мен клубтардың атқарған жұмыстары және жетістіктері, үйірме жұмыстарының бағыты, тарихи, киелі орындардың насихатталуы жөнінде стенд-көрмелер орналастырылып, іс-құжаттар таныстырылды.

Фестиваль барысында Қазақстанның киелі жерлері тізіміне енген Ердәуіт ата және Шаймерден ата кесенелерінде құран бағышталып, аңыз-әңгімелері жөнінде мәліметтер берілді.

Фестиваль мәдениет үйлері мен клуб меңгерушілері және қазылар алқасының қатысуымен баспасөз конференциясында қорытындыланды.

Айта кетсек, Сарыағаш ауданында 37 мәдениет үйлері мен клубтар жұмыс жасайды. Аталған мәдени ошақтарда 145 үйірме, 1610 қатысушы бар. Жуырда аталған мекемелерге 200 домбыра және 7 дыбыс күшейткіш аппаратурасы беріліп, өнерпаздарды даярлауға жағдай жасалған.

ОҚО Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы

https://dalanews.kz/35293

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x