«ҚазМақта» мақтаралдық шаруалардың қарызын толықтай қайтарды

Dalanews 09 сәу. 2018 05:36 254

Мақтарал ауданындағы ең даулы мәселе өз шешімін тапты. Кеше «ҚазМақта» АҚ жыл бойына еңбектеніп еккен мақта өнімін өткізген 307 шаруадан 323,4 млн теңге қарыз болған берешегінен толық құтылды. Кезең-кезеңімен қарызын бөліп төлеген завод бүгін соңғы қалған 113,7 млн теңгені 44 шаруаға төледі, – деп жазады Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.  



2017 жылдың 15 желтоқсанында «ҚазМақта» АҚ-на мақта шикізатын өткізіп, қаржысын ала алмай жүрген бір топ шаруалар Мақтарал ауданы әкімдігіне арызданып келген болатын. Аудан әкімі Ғ.Исмаилов пен тиісті сала жетекшілері шаруалардың өтінішін тыңдап, оларға тиісті құжаттарды құқық қорғау органдарына тапсыру қажеттілігі түсіндірілген.

Көтерілген мәселенің шешімін табу ұзаққа созылғандықтан 2018 жылдың 2 ақпанында АІІБ-не шаруалар тарапынан түскен арыздың негізінде «ҚазМақта» АҚ-на қатысты ҚР ҚК-нің 190 бабы, 4-бөлігінің 2 тармағымен қылмыстық іс қозғалып, жедел тергеу тобы құрылып, заң талаптарына сәйкес жұмыстар жүргізілді. Даулы мәселеге облыс әкімі Ж.Түймебаев пен облыс прокуроры Н.Әбдіров араласып, жағдайды өз бақылауларына алған болатын. Осылайша тиісті жұмыстарды жүргізу барысында 15 ақпанда шаруалардың 60 млн теңгесі төленсе, 20 наурызда корпорация қызметкерлерінің 28,7 млн теңге жалақылары берілді.

Корпорация мақтасын өткізіп қаржысын ала алмай жүрген шаруаларға 21 наурыз күні 150 млн теңге көлеміндегі қаржыны қайтарса, қалған 44 шаруаның қаржысын 5 сәуір күні толығымен берді. Қазіргі таңда кәсіпорын шаруаларға берешек жалпы 353 млн теңге қарызын 100 пайыз төледі. Шаруалар мәселенің шешілуніе тікелей ықпал еткен облыс әкімі Ж.Түймебаев пен облыс прокуроры Н.Әбдіровқа өз ризашылықтарын білдіруде.

 

https://dalanews.kz/32728

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x