2020 жылы Жетісуда газбен қамту 45 пайызға жетеді

Dalanews 21 ақп. 2018 08:53 281

Алматы облысында бүгінгі күнігаздандыру деңгейі 26,2%, яғни 718,5 мың адам тұратын 123 елді мекенкөгілдір отынның игілігін көріп отыр. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Амандық Баталовтың тұрғындармен болған есепті кездесуінде айтылды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өткен жылы газдандыруға 11,4  млрд. теңге бөлініп, 11 ауданда осы бағытта жұмыс жүріп жатыр. Ал 2020 жылға қарай Алматы агломерациясы аймағы мен Қапшағай қаласы көгілдір отынмен қолық қамтылғанда газдандыру деңгейі 45% жетеді.

Облыс басшысының айтуынша, Талдықорған қаласында қала ішіндегі газ жүйелерін бірінші кезектегі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, табиғи газға 324 абонент қосылды, қазір екінші және үшінші кезектегі құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Текелі қаласына дейін газ құбырын тарту мен «Бақанас», «Сарыөзек» және  «Үштөбе» АГТС құрылыстары басталған.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

https://dalanews.kz/34204

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x