Арыста 360 орындық балабақша ашылды

Dalanews 21 желт. 2017 16:09 354

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 360 орындық балабақша пайдалануға берілді. Жаңадан ашылған «Лидер» балабақшасында бүгінде 55 адам жұмыспен қамтылған. Заманауи үлгіде салынған ғимаратқа 380 млн. теңге қаржы жұмсалған.

Бөбекжай заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Жас өрендердің  тәрбие алуына және олардың бойына білімнің алғашқы негізін қалауға қажетті жағдайдың барлығы жасалған. Балабақша ішіндегі балалар ойын алаңына да ерекше көңіл бөлінген. Өйткені, мекеменің басты бағыты бүлдіршіндерге тек тәрбие беріп қана қоймай олардың спортпен айналысуына баса назар аударылған.



Жалпы Арыс қаласында бүгінде 49 мектепке дейінгі ұйымда 4207 бала тәрбиеленуде, яғни балабақшамен қамтылу көрсеткіші 85,9 пайызды құрап отыр. Соның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 27 жекеменшік балабақша, 10 мемлекеттік, 12 мектеп жанынан ашылған балабақша жұмыс істеп келеді.

Арыс қаласына жасаған жұмыс сапары барысында облыс әкімі  Ж. Түймебаев мектепке дейінгі білім беретін мекеменің ашылу салтанатына қатысып, бүлдіршіндерге балдырған велосипедін сыйға тарты. Бұдан бөлек, аймақ басшысы Арыс қаласындағы серіктестік аясында құрылысы жүріп жатқан балабақшамен де танысты. 100 орынға шақталған балабақшаның құны 80 млн. теңгені құрайды. Заманауи үлгіде салынып жатқан нысан 2018 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

 



 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x