Түркістандағы "Яссы нан" кәсіпорнының өнімдеріне ел көлемінде сұраныс артуда

Dalanews 10 қар. 2018 11:05 206

Ұн өнімдерінің 15 түрін дайындайтын зауыт 2016 жылдың ақпан айында іске қосылған еді. Жобаның құны - 200 млн. теңгені құрайды.

Қазіргі таңда кәсіпорын көрші облыстарды да ұн өнімдерімен қамти бастады. Тәулігіне 20 тонна нан өнімдерін өндіретін кәсіпорында бүгінде 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұдан бұрын кәсіпорынға арнайы барған Жансейіт Түймебаев келешекте өнім көлемін одан әрі арттырып, негізгі қуаттылыққа жетуді жүктеген болатын.

Зауыт 2016-2017 жылдың аралығында 287654 мың теңгенің өнімін өндірген екен.  Сондай-ақ бұл зауытта ет өнімдерінен шұжықтың 8 түрі өндіріледі. Ол үшін зауыт арнайы мал бордақылайтын алаңын құрыпты.


«Қазіргі таңда зауыт тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Өнімдерімізге сұраныс мол. Негізінен  Түркістан қаласы мен көрші Қызылорда облысының бірқатар аудандарын ұн өнімдерімен қамтып отырмыз», - деді «Яссы нан» ЖШС-нің бас директоры Насиба Атаева.

«Түркістан қаласында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Десек те, кәсіпкерлік нысандардың қатарын арттырып, жұмыссыздықты азайту мәселелері назардан тыс қалмауы тиіс. Аудан басшыларының жұмысы сонда ғана нәтижелі болады», - деген еді өз кезегінде Жансейіт Қансейітұлы.

 

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x