Бірегей азия

Dalanews 07 желт. 2016 05:56 224

Қазіргі заманғы қоғамдық ойлау кеңістігінің мүмкіндігі кең екенін назарға ала отырып, ақпараттанған заманның бет бейнесіндегі әлемдік көзқарастардың жетекшілік ролін айтуға болады. Немесе сентристік бағыттардың өркениеттік идеологианы ұсынуға деген құлшыныстары мен нақты қадамдары адамзаттық мәдениетте өз образын сомдауда. ғасырлық пайымдармен теорияларға сүйенсек, мәдениеттің қалыптасу просестері адамзаттық өркениет бойындағы тепе-теңдік механизімін сақтаушы болып саналады. Әрі бұл бетбұрыстармен матриктік бірегейлену үрдісінің формаларын заманалар бойымен қалыптасып, дамып отырған коммуникасиялық байланыстардың, үндестік пен мүдделік, сенімдык ерекшеліктеріне қарай бағытталған деп қараструға болады.

Адамзаттық тұтастық пен бірегейлік гуманизміннің мәні қаншалық қымбатты болса, алып жүйелердің нысаналары оны өз механизмінде пайдалануға ұмтылады. Немесе олардың ағымдық күштерінің ақпараттық санадағы ритмінің жиілігінің ұлғайғаны соншама бұлтартпастай жобалар қыйсынында өзіне икемдеу арқылы әлі де үстемдік орнатуға тырысады. Құндылық табиғатының болмысы қашанда бір келкі емес,  ол әрбір жеке тұлғалық деңгейге көтерілу мен жеке тұлғалық деңгейде қалып қоюдың арасында көрініс береді. Сонымен қатар әлеуметтік болмыста да өз образын сомдап отырады. Шындығында ол мәдениеттер қақтығысының себептері. Бұл жөнінде біз коммуникация мен қарым-қатынастың бір-біріне айналу формасындағы заңдылықты мысалға аламыз.

Егер біз Лиотардың әрбір халықтық заңдылықтардың өз ерекшелігімен даму көзқарасына сүйенсек, көтеріп отырған тақырыбымыздың мәніне жуықтай аламыз және біздің мойынұсынушылық формадан бәсекелестікке, жұтылудан өміршеңдікке ұмтылыстарымыздың дәлелі ретіндегі алдаушы механизмдерге құрбандық үлгісін көрсетуден бас тарту болар еді. Белгілі жақтан мәдениеттің тоқтаусыз механизмі адамзаттың объектіге деген қатынасы мен еңбегінің көрсетіндісі. Ол қашанда өркениеттердің қақтығысын тудырып отырады, тіпті индивидтік қақтығыстың қатынасында мәдениеттің өресі бейнеленеді. Әрине, онда бір шешілмеген мәңгілік сұрақтары бар.

Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінің шығыс тілдері кафедрасында Философия ғылымының докторы, профессор, академик ҒАБИТОВ Тұрсын Хафизұлының “Бірегей Азия” тақырыбында лексиялық курсы өтті. Лексияның өзекті мақсаты әлем мәдениетінде өз орны бар нәзік, терең иірімдерге толы Азия мәдениетінің адамзат өркениетіндегі өшпес іздері баяндалды.

“Бірегей Азия” Азия мәдениетінің сан ғасырлардың сүзгісінен өткен рух сабақтастығы, оның мифі мен трагедиясы, болашағы қашанда біздің болмысымызбен үндесіп жатыр.

Тұрсын Хафизұлы Ғабитов

Философия ғылымының докторы, профессор, академик

Дәулеткелді Шалқар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұалттық университеі

Философия және саясаттану Факултеті

Дінтану және мадениеттану кафедрасының

Мәдениеттану мамандығының 2 курс магистранты

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x