Түлкібас ауданы алдағы жылы 100% табиғи газбен қамтылады

Dalanews 04 қар. 2021 13:56 240

Түлкібас ауданы қазіргі таңда 99,5% көгілдір отынмен қамтылған. Ағымдағы жылы Иірсу ауылында құрылыс жұмыстары басталған газ құбыры 2022 жылы пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде аудан 100% табиғи газбен қамтылады. Бұл туралы аудан әкімі Нұрлан Байғұт мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылдың 9 айының қорытындысымен аудандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 58 млрд 728,6 млн теңгені құраған. Ал ауданға тартылған инвестициялар көлемі есепті кезеңде 6 млрд 871,1 млн теңгеге жеткен.



– Ауданның  әлеуметтік-экономикалық  дамуын  арттыру  мақсатында 1 ірі, 3  орта, 24  кіші  және 4 қосалқы  барлығы 32  кәсіпорын  жұмыс  істейді. Оның  ішінде  белсенді  жұмыс атқаратыны – 22, мезгілді  жұмыс  атқаратыны – 10. 2021 жылдың 9 айының қорытындысымен кәсіпорындар 10 млрд 203,8 млн теңгенің  өнімін  өндірген. Ал ауыл шаруашылығы саласының өнім көлемі 9 айда 38 млрд 16,6 млн теңгені құрады, – деді Нұрлан Мархабатұлы.


Ауданда ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысымен 18 509 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

Сондай-ақ, аймақта 36 туристік нысан жұмыс істейді. Тоғыз айда жалпы ауданға 5 261 турист келген. Бүгінгі таңда туризм саласын дамытуға аудан бойынша 2 жоба іске асырылуда. Олар: «Etno Park Resort» этно ауыл жобасы мен «Таң Нұры» ЖШС емдеу сауықтыру кешені.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x