Созақтағы «Суындық» су арнасы іске қосыласа 960 гектар жер кәдеге жарайды

Dalanews 14 қыр. 2021 08:42 221

Созақ ауданындағы «Суындық» су арнасы қайта іске қосылғанда, Созақ ауылы бойынша 960 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыдан 40 жылдан астам уақыт бұрын салынған Созақ ауданындағы «Суындық» каналына қазір күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы қолға алынған құрылыс жұмыстары Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының тапсырысымен қолға алынды. Жұмыс барысы Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатовтың бақылауында.

Ұзындығы 23 шақырымдық «Суындық» су арнасының 19 шақырымына «лоток қалқаншалар» орнатылып үлгерген. Күрделі жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде гидротехникалық құрылымдардың пайдалы әрекет коэффициенті артып, суармалы жерлер вегетациялық кезенде сумен қамтамасыз етіледі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x