Алматы әкімі қаланың жылу жүйесін жаңғырту жайында айтты

Dalanews 04 там. 2021 09:14 314

«Алматы» телеарнасында өткен тікелей эфир барысында Бақытжан Сағынтаев инженерлік инфрақұрылымды дамыту жайында әңгімеледі. Әкім қаладағы жылу желілерінің ұзындығы 1,288 мың шақырым екенін, оның 289,3 шықырымы магистральдық желі, 994,9 шақырымы тарату желілері екенін айта келе, биыл 9 шақырым желі қайта жаңартылып, 11 шақырымы жөнделіп, апатты жағдайлардың алдын алып шығынды азайтуға мүмкіндік туатынын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жылу желісінің 4 шақырымнан астамы иесіз қалған. Жылу беру желілерінің орташа тозуы 62%-ды құрайды. Ыстық су тұрғындардың үйлеріне 71 сорғы стансасы арқылы беріледі.

Қаланың 70%-ы үш жылу көзімен жылытылады, олар: ЖЭО-1,-ЖЭО-2, «АлЭС» АҚ-ның Батыс жылу кешені – «Самұрық-Энерго». Қалғаны 83 жылу көзінен алады, олар: «АТКЕ» ЖШС жергілікті қазандықтары. Алматы қаласының 2020 жылы тұтынған жылу қуаты – 6,3 млн Гкал.

Өткен жылы жылумен жабдықтаудың 16,1 шақырым желісі қайта жаңартылып, жөнделді. Нәтижесінде 45,1 мың тұтынушы үздіксіз жылумен және ыстық сумен қамтылды, ал жылу желілерінің тозуы 1,2%-ға төмендеді.

Биыл қаланың төрт ауданында 9 шақырымдық жылу беру желілерін қайта құру жоспарлануда. Алатау ауданында Райымбек даңғылынан Бартоғой көшесіне дейінгі 3,2 шақырым учаскелердегі желілер қалпына келтіріледі. Райымбек даңғылының солтүстігінен Өскемен көшесі бойымен Беломорский, Фадеев көшелеріндегі желілер жаңарады.

Алмалы ауданында Розыбакиев көшесі бойымен Райымбек даңғылынан Төле би көшесіне дейінгі 2,6 шақырым желі, Бостандықта – көше бойымен 1,8 км. Розыбакиев көшесі бойымен Ходжанов және Байқадамов көшелері арасындағы 1,8 шақырым желі конструкцияланады.

Медеу ауданында – көшедегі 1,3 шақырым Кармысов көшесі мен Бөгенбай батыр көшесінің, Шевцов көшесінің арасындағы, Уәлиханов көшесі бойымен Мәметова және көш. Әлімжанов көшелері арасындағы жылу желілері жөнделеді.

Сондай-ақ, 11 шақырым желі жөнделеді, 1,2 мың вентиль және 12 қазандық қондырғы ауыстырылады. 5 сорғы станциясы реконструкцияланады.

Өткен жылдың мамырында «Оңтүстік аудандық қазандықты» қайта құру Бостандық ауданындағы жылу энергиясының тапшылығын жаба бастады. Қайта құру қазандықтың қуатын 55 Гкал/сағатқа дейін арттырады. Жұмысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

«Премьера» қазандығын жөндеу және кеңейті бойынша жұмыс жүргізіледі бұл Наурызбай ауданындағы жылу жүктемесінің қуатын 100 Гкал/сағатқа арттырады.

Бұл Шұғыла шағын ауданындағы 28 мың пәтерді жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Түрксіб ауданындағы жылу жүктемелерін жабу үшін «Вокзал» қазандығын қайта құру жоспарлануда. Бұл оның қуатын 15,12 Гкал/сағатқа дейін арттырады және Сортировочная, Белградский, Земнухов, Сауранбаев, Чехов көшелерінің 4 мың тұрғынын жылумен қамтитын болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x