Ордабасы ауданындағы 11 ауылға жоғары жылдамдықты интернет тартылуда

Dalanews 23 шіл. 2021 09:26 223

Былтыр Түркістан облысының 58 ауылдық елді мекен тұрғындары интернетке кедергісіз қосылуға мүмкіндік алған болатын. Биыл да осы жұмыстар жалғасын тапты. Күні кеше ғана Ордабасы ауданындағы жоспарланған 22 ауылдың 11-іне “Ксеll” АҚ басшылығымен келісім шарт жүргізілді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда, Ордабасы ауданындағы Сарытоғай және Арыстанды ауылдарында, Отырар ауданындағы Темір, Талапты және Бесторанғы ауылдарында, Мақтаарал ауданындағы Шұғыла және Елқоныс ауылдарында, Төлеби ауданындағы Шатыртөбе және Костөбе ауылдарында, Бәйдібек ауданындағы Таңатар ауылында және Кентаудағы Бершінтөбе ауылында интернет жүйесі толқындарын қабылдайтын антена діңгегі құрылғыларын орнату үшін арнайы жер телімдерін дайындау жұмыстары басталды.

Күзде осы елдімекен тұрғындарына интернет қолжетімді болады деп жоспарланып отыр. Қалған 11 ауылға да kcell.kz басшылығы жыл соңына дейін интернет желісін қосуды жоспарлауда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x