Cоңғы жаңалықтар
Back

Бақытжан Сағынтаев алматылықтардан өзін оқшаулау ережесін сақтауға шақырды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде КВИ-мен амбулаториялық ем алып жатқан қалалықтарды өзін оқшаулау ережесін сақтауға және адамдар көп шоғырланған жерлерге барудан аулақ болуға шақырды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қала әкімінің айтуынша, мұндай жауапсыздыққа жол беруге болмайды, өйткені бұл қоғамдық денсаулыққа қауіп төндіреді. Адам симптомсыз ауруы мүмкін әрі ол вирустың тасымалдаушысы болып табылады. Бақытжан Сағынтаев барлық қалалықтардың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаулары тиіс екендіктерін атап өтті.

Бүгінде мобильді АМСК топтарының және Телемедицина орталығының бақылауында 2306 науқас үйде жатыр, олардың 291-і симптомсыз, 1970-і жеңіл және 45-і орташа ауыр дәрежеде.

Хабарланғандай, ағымдағы жылдың 9 сәуірі мен 1 шілдесі аралығында Ashyq мобильді қосымшасының көмегімен QR-кодын сканерлеу нәтижелері бойынша 1449 тұрғынның «қызыл» мәртебесі расталды. Тағы 370 тұрғынның «сары» мәртебесі анықталды.

Айта кетерлігі, Алматының СЭБД мәліметтері бойынша, 28 маусым мен 1 шілде аралығында Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысандарына кіре берістегі сканерлеу нәтижесінде 28 тұрғынның «қызыл» мәртебесі, 9-ының «сары» мәртебесі расталды. Анықталғанындай, олар фитнес-орталықтарға, бассейндерге, кинотеатрларға, кафелер мен мейрамханаларға кіруге тырысқан.

Қалада Ashyq жобасына 2331 қатысушы бар. Айтпақшы, жобаға қатысу ережелерінің сақталуы тұрақты түрде бақыланады. Ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап жүргізілген рейдтер барысында мониторингтік топтар Ashyq жобасында жұмыс істейтін 125 кәсіпкерлік субъектілері бойынша шектеулі карантиндік талаптардың бұзылуын анықтады.

Өткен аптада КВИ дерті 1,7 есеге өсті, соңғы тәуліктерде КВИ-дің 299 жағдайы тіркелді, тәуліктік өсім 0,3%-ды құрады.

7 шілдедегі жағдай бойынша қалада 76 407 жағдай тіркелді, оның 59 660-ы симптомды және 16 747-сі симптомсыз, анықталмаған пневмония – 2013. 6 шілдеде коронавирусты жұқтырудың 299 жағдайы тіркелді, оның ішінде 259-ы симптомды, 40-ы симптомсыз.

Тәуліктік өсім – 0,3%. Репродуктивті саны – 1,353.

Инфекциялық стационарларда 1131 адам (80 бала) емделуде, оның 33-і өте ауыр, 256-сы ауыр, 842-і орташа ауырлық дәрежесінде. Реанимация және интенсивті терапия бөлімдерінде барлығы 102 адам бар.

ӨЖЖ аппаратында – 19, инвазивті емес ӨЖЖ – 34, High flow аппаратында – 22.

Тағы оқыңыз:

Сағынтаев қала тұрғындарына дельта-штаммынан сақтанудың жалғыз жолы вакцинациялау екенін айтты