Азық-түлік бағасы әкімдік бақылауында

Dalanews 14 мау. 2021 15:57 135

Елорда әкімдігі жүйелі түрде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Жұмыс бірнеше бағытты қамтиды: тұрақтандыру қоры құрылды, "айналым тетігі" жобасы жалғасуда, "форвардтық келісімшарттар" жасалды, жыл сайын маусымдық жәрмеңкелер мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен кездесулер өткізіледі.

Бірінші. "Айналым тетігі" жобасы жалғасуда. Жобаға қатысушылар саны 4 желіден 9 желіге дейін кеңейтілді. Олар: "Магнум", "Астықжан", " Кеңмарт", "Анвар", "Рахмет", "Ақмол", "Бигшанхай", "Шапағат", "Вкусмарт". Бұдан басқа, сауда желілеріне азық-түлік сатып алуға бөлінетін сома 24 есеге жуықтады, яғни 180 млн теңгеден 4,3 млрд теңгеге дейін (соңғы 4 жылда) ұлғайды. Бұл өнімдерді белгіленген бағамен сатуға мүмкіндік береді: картоп, пияз, қырыққабат, сәбіз, күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, жұмыртқа, ұн, құс еті, сүт, сүзбе және т.б.

Мысалы, картоп бағасы 225 теңгеден басталады. «Шарын» көтерме сауда базарында картоп 270 тг/кг бағамен сатылады, «КеңМарт» дүкенінде картоптың бағасы 288 тг/кг, «Ақмол» дүкендер желісінде 320 тг/кг және т.б.

Екінші. 3 фермерлік шаруашылықпен 665 млн теңгеге жуық сомаға "форвардтық келісімшарттар" жасалды (398 300 млн.теңге сомаға "АА Агро" ЖШС, 105 074 млн.теңге сомаға "Кереку агро" ЖШС, 260 910 млн.теңге сомаға "Астық ПВ" ЖШС). Маусымаралық кезеңде, яғни олардың бағасы өскен кезде көкөніс өнімдері қолайлы бағамен сатылады. Осылайша, сатылатын өнімдер тікелей сөрелерге түседі.

Үшінші. Нан бағасын тұрақтандыру жұмысы жалғасуда. Ол үшін отандық өндірушілерден ұн сатып алуға жергілікті бюджеттен қосымша 600 млн.теңге бөлінді. Ұнның бұл мөлшері келесі егін жиналғанға дейін, яғни 2022 жылдың қыркүйегіне дейін жеткілікті болады.

Төртінші. Сәуір айынан бастап Ақмола облысы Целинград ауданының тауар өндірушілерінің және Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлерінің қатысуымен тауар өндірушілер мен көтерме сатушылардың бағалары бойынша демалыс күнгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері (Сауран, 7 және Қосшығұлұлы, 14) өткізіледі.

Сонымен қатар, жақын арада республика өңірлерінің қатысуымен жәрмеңкелер маусымы ашылады. 14 жәрмеңке өткізу жоспарлануда. Жәрмеңкелер арқылы азық-түлікті 10-15%-ға төмен бағамен сатып алу жағдайы жасалады.

Бесінші. Жалпы ауданы шамамен 50 мың шаршы метр болатын 3 көтерме-тарату орталығын салу үшін инвесторлар жұмылдырылды, нәтижесінде жеке инвестициялар сомасы шамамен 15 млрд.теңгені құрайды. Бұл көтерме-тарату орталығында азық-түлікті үлкен көлемде сақтауға мүмкіндік береді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x