Алматы облысында ет өндіру ісіне айрықша көңіл бөлінуде

Dalanews 27 мам. 2021 07:56 142

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңір ет өңдейтін «Жетісу Қой» жобасының жүзеге асырылып жатқанан алға тартты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде ет өңдейтін «Жетісу Қой» жобасының  барлық мәселелер шешілгенін, инженерлік инфрақұрылым құрылысына қаржы бөлінгенін жеткізді. 500 мың бас ірі қара етін өңдейтін «Тайсон Фудс» жобасы туралы да осыны айтуға болады. Зауыт салуға жер учаскесі бөлінген.

Облыста өткен жылы 160 млн дана жұмыртқа шығаратын «НаурызАгро» және 29 мың тонна ет өндіретін «OTAN GreenFood» екі ірі құс фабрикасы іске қосылған, тағы екеуі салынады. Олар – қуаты 37 мың тонна ет өндіретін «Прима құс» және жылына 160 млн дана жұмыртқа және 120 мың тонна бройлер етін өндіретін «Aitas KZ».

– Жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі бір трлн. теңгеден асады, АӨК өнімінің экспорты 220 млн.АҚШ долларына жетеді немесе бұл 2020 жылға қарағанда 18% артық, – деді Амандық Баталов.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x