Амандық Баталов: «Жетісуда тағы 2 қант зауыты қалпына келтіріледі»

Dalanews 27 мам. 2021 07:47 254

Алматы облысының Алакөл және Қарабұлақ қант зауыттары қайта қалпына келтірілуі мүмкін. Өңірдегі қызылша алқабының аумағын 35 мың гектарға ұлғайту арқылы қант қызылшасы көлемін екі миллион тоннаға дейін жеткізу межесі белгіленген. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысы басшысы баяндамасында Агроөнеркәсіптік кешенде 2022-2026 жылдарға арналған Ұлттық жоба шеңберінде ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, сүт өнімдері, дәнді және майлы дақылдарды өндіру мен өңдеу бойынша жеті ірі экожүйе қалыптастыру жоспарланғанын атап өтті.

Өңірде 1,3 млн бас ірі қара, 4,5 млн бас қой-ешкі, 1 млн. гектарға жуық егіс алқабы бар екенін ескерсек, облыс осы жобаның ең белсенді қатысушыларының бірі болып табылады.

– Мысалы, қант өндіретін екі зауыт жұмыс істеп тұр, енді Алакөл және Қарабұлақ қант зауыттарын қалпына келтіру жоспарлануда. Осылайша біз алқап аумағын 35 мың гектарға ұлғайту арқылы қант қызылшасы көлемін екі миллион тоннаға дейін жеткізу міндетін қойып отырмыз, – деп атап өтті А.Баталов.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x