Теңізде медициналық қызметкерлерді вакциналау жалғасуда

Dalanews 19 нау. 2021 17:30 251

ТШО-ның COVID-19-ға қарсы әрекет ету тобы мен кеніштегі барлық медицина қызметкерлерінің денсаулығын қорғау үшін, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы кәсіпорынның вакциналарды алуға қолдау көрсету туралы хатына жауап ретінде тағы да  210 Gam-COVID-Vac (Sputnik V) вакцинасын берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz ШҚО Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау ТШО үшін басты міндет болып қала бермек, қазіргі таңда ТШО-ның 90-тен астам қызметкері вакцина алды. Сонымен қатар, компания Gam-COVID-Vac (Sputnik V) вакцинасын компанияның және мердігер ұйымдардың барлық қызметкерлеріне сатып алу мүмкіндігінқарастыруда.

Осы ретте, ТШО өз қызметкерлері арасында және жалпы Атырау облысында COVID-19-дың одан әрі таралауына жол бермеуге бағытталған ерікті вакциналау бағдарламасы үшін вакциналарды сатып алуға қатысты Қазақстан Үкіметі тарапынан қолдау күтеді.

– Вакциналаудың негізгі мақсаты – Теңіздегі жұмысшылар арасында ұжымдықиммунитетқалыптастыру. Бүкіл әлем коронавируспен күрестегі жалғыз қару вакцина екенін түсінді, сондықтан бәріңізді екпе алуға шақырамын, – дейді ТШО клиникасының медициналық директоры Абдулла Юсупбеков.


Вакциналау – COVID-19-дан қорғанудың маңызды құралы және ТШО қызметін қауіпсіз жалғастырудың кепілі, және де бұл осы аймақ пен Қазақстан Республикасының экономикасына елеулі үлесін қосады.

Қазіргі уақытта компания өз қызметін Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына сай жүзеге асыруда және де мемлекеттік органдардың ұсыныстарын қолдануда.

ТШО үшін аймаққа, сонымен қатар бүкіл Қазақстанға әрі қарай пайдалы болу үшін үздіксіз өндірісті жалғастыру және Келешек кеңею жобасының – Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасының (ККЖ-ҰЕҚБЖ) алға басуын қамтамасыз ету өте маңызды.

– Мен үнемі медицина жаңалықтарын бақылап отырамын және жалпы вакциналар, соның ішінде Sputnik V вакцинасының қалай әзірленетінін көрдім. Клиникалық зерттеулер көрсеткендей, Sputnik V вакцинасы ешқандай жағымсыз әсер етпейді. Вакциналаусыз біздің өміріміз әлдеқайда қиын болар еді. Сондықтан мен аталған вакцинаның екі компонентін алдым және өзімді жақсы сезінудемін, – деді ТШО өрт және апатты тойтару қызметінің медициналық үйлестірушісі Руслан Жалғазин.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x